11 Желт 2020
Страницы Екпетал МББ

Мектеп өмірінен

Мектеп тарихындағы ардагер мұғалімдер.

 

Абдрахманова Гүлнұр - Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Екпетал ауылында 1951 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. 1969 жылы Ақтөбе қаласындағы педагогикалық учелищесін аяқтап, еңбек жолын 1970 жылы Саралжын елді мекеніндегі Жамбыл сегіз жылдық мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ беруден бастады. Осынау қажырлы, тынымсыз еңбегінің нәтижесінде бастауыш мектеп меңгерушісінен 2001 жылы Екпетал негізгі мектебінің директоры болып тағайындалды. Басшылық қызметіне де осы көпшіл, білімдарлық қабілеті арқасында келді. Әріптестері мен аудан басшылығының өзіне көрсеткен сенімін ақтап, ұжымды 39 жыл үздіксіз басқарып келді. Ұстаздың қажырлы еңбегі мен үнемі ізденісінің арқасында негізгі мектептің ашылуына жеке өзі себепкер болды.

Ұстаздың еңбегінің жемісі өзінің білім берген, тәрбиелеген шәкіртінен, артына қалдырған жақсы істерінен көрінеді. Бүгінде ұстаз ел ішінде, ұжымда қарапайым қалпымен, ұстамдылығымен үлгі болып келеді. Қазіргі таңда құрметті еңбек демалысында.Отбасында үш немере тәрбиелеп отырған бақытты әже.

Білім беру саласындағы тынымсыз еңбегінің нәтижесінде Республикалық Ы.Алтынсарин атындағы «Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері.

«Алғыс хат» облыстық білім басқармасының бастығы: А.Құдайбергенов, 2009 жыл.

 

Утеулиева Ақзер Көпбергенқызы – 1954 жылы 1 желтоқсанда Ойыл ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген. 1972 жылы ойыл қазақ орта мектебін бітіріп, сол мектеп жолдамасымен А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1977 жылы аталған институтты «химия және Биология» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1977 жылы алғашқы еңбек жолын Ш.Берсиев атындағы орта мектептен бастады. 1979-1982 жылдары Ойыл кәсіптік – техникалық учелищесінде еңбек етті. 1982-2013 жылдар арасында Екпетал бастауыш мектебі және Екпетал мектеп – балабақшасында еңбек етті. 2013 жылы тынымсыз еңбегінің арқасында құрметті еңбек демалысына шықты.

1985 жылы «Көлдегі аққу» атты компазициямен облыстық мадақтауға ие болды. 1986,1990,1991 жылдары Ойыл аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен», 2005-2008 жылдары «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Ұстаз қазіргі таңда еңбек демалысына. Отбасында 5 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген ардақты ана, бақытты әже.

 

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар