11 Желт 2020
Страницы Екпетал МББ

Мекеме басшылары

Мектепті басқарған тұлғалар

Абдрахманова Гүлнұр 1951 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы педагогикалық училищесін 1969 жылы бітірді, 1970 жылы Саралжын елді мекеніндегі Жамбыл сегіз жылдық мектебінде еңбек жолын бастады. 1973 жылдан бастап Екпетал бастауыш мектебінде және 2001 жылы ашылған Екпетал негізгі мектебінің директоры болып қызмет атқарды.2009 жылдан бері құрметті еңбек демалысында.


 

Дәулетов Алтай Ойнарұлы 1960 жылы 16 тамызда Ойыл селосында дүниеге келген.1990 жылы «Менеджмент, Экономика және жоспарлау » институтына түсіп ,1994 жылы «Социолог» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2009-2013 жылдар аралығында Екпетал мектеп – балабақшасының мектеп директоры қызметін атқарды. Қазіргі таңда кәсіпкерлерді қолдау палатасының директоры болып қызмет атқарады.



Жумагулова Гүлнұр Аманкелдіқызы 1979 жылы 28 қыркүйекте Қаратал ауылында дүниеге келген. Ш.Берсиев атындағы орта мектепті 1996 жылы аяқтаған.2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы университетті «Химия» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Жақсыбайкөл негізгі мектебінде Химия,Биология пәнінің мұғалімі болып бастады. 2001-2013 жылдар аралығында Екпетал мектеп-балабақшасында Химия,Биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 2013-2017 жылдары Екпетал мектеп-балабақшасының директоры болып жұмыс жасады.


 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар