Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Екпетал мектеп-балабақшасы» КММ

КГУ «Екпеталская школа- сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области

МЕНЮ

Балалар кітапханасы жоспары, 2025-2026 оқу жылы

"Мәртебең биік болсын Ана тілім!" аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен мәнерлеп оқу сағаты

"Балалар кітапханасы" жобасы аясында 1-4 сыныптар арасында  ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің  шығармаларын насихаттау және оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану  мақсатында "Дархан даланың дарабозы" поэтикалық эстафета ұйымдастырылды.

" Балалар кітапханасы" жобасы аясында " Ұлттық құндылықтар" атты  айлық іс - шаралар жоспарына сәйкес 2-3 сыныптар арасында " Қазақ ертегілеріне саяхат" атты оқу сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар өздерінің оқыған ертегілерін айтып, әр түрлі жасырын сұрақтарға  жауап беріп, кубик лақтыру арқылы  ертегілерден үзінділер айтып , өзара  ой бөлісті. Мақсаты: бос уақытын тиімді пайдалану, ұлттық  құндылықтарды , оқуды насихаттау.

"Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Ұлттық құндылықтар " айлық іс -  шаралар  жоспарына сәйкес "Ұлттық құндылықтар - ұлт қорғаны" атты 5-9 сыныптар арасында әдеби ринг ұйымдастырылды. Шара бағдарламасының "Даналық ойдан дә ізде" атты  І бөлімінде жаңылтпаш айтып, суретті мақалдарды шешіп және берілген сөздерден мақал құрап жарысса, "Өлмейтұғын артында сөз қалдырған..." атты ІІ бөлімінде тарсия әдісімен Абайдың өмірінен берілген тапсырмаларды орындап, суретті бейнелерден шығармаларының атауын тауып, өлеңдерін оқып, сонымен қатар ақынның нақыл сөздерінің мағынасын ашып түсіндірді. "Өз қолымызбен" шараның ІІІ бөлімінде , оқушылар кітапқа бетбелгі жасап жарысты.

 

 

https://www.instagram.com/reel/DU54NaCAs6M/?igsh=eGwxN2RheXd4ajE5,  "Балалар кітапханасы" жобасы аясында  14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау  күніне орай "Шын жүректен кітап сыйла" акциясы ұйымдастырылды. Челленджге оқушыларымыз өз үлестерін қосты. Жеңісова Айзере "Ойыл "энциклопедиясын сыйласа, 6 сынып оқушылары И. Қарағұловтың мерейтойына орай жарық көрген " Ғибраты мол ғұмыр" атты кітабын  және Өзін - өзі басқару ұйымының мүшелері "Әлмерек және оның ұрпақтары" атты кітапты сыйға тартты. Челленджді Теректі НМ қабылдап, Тайсойған НМ жолдаймыз.

© 2026 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Екпетал мектеп-балабақшасы» КММ КГУ «Екпеталская школа- сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области