Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Екпетал мектеп-балабақшасы» КММ

КГУ «Екпеталская школа- сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области

МЕНЮ

" Балалар кітапханасы" жобасы аясында 1 сынып оқушыларын кітапханамен, кітапхана ережесімен және жас буын оқырмандар әдебиеттерімен таныстыру мақсатында " Кітапхана әлеміне саяхат" атты  саяхат сабағы өтті. Шара барысында балалар таныстық бөлімінен кейін, әр түрлі сұрақтарға , "Кім жылдам", "Көршісін  тап" атты  ойындармен жауап берді.  

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 7 -9 сыныптарда  І. Жансүгіров, С. Сейфуллин және Б. Майлиннің мерейтойларына орай ,  ақын -жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау, оқуды насихаттау мақсатында, аудандық орталықтандырылған кітапханада " Жаңа әлем - жаңа кітап" атты  оқырмандар конференциясыы өтті.

" Балалар кітапханасы" "Тарих - тамыр, тіл - ғұмыр" атты апталығы жоспарына сәйкес, " Оқуға құштар мектеп" және "Балалар кітапханасы" жобалары аясында " Бұл қай кітап...? " кітапханалық әдеби квест өтті.  Шара, квест ережесі бойынша, І аялдама "Кім тапқыр?", " ІІ аялдама " Кім шапшаң? ",  ІІІ аялдама"Қазынаны тап", І V аялдама " Жасырын кітап" аялдамаларында берілген тапсырмаларды орындай отырып, әр түрлі кедергілерден өтіп, қай кітап екенін анықтап, мақсатқа жетті.жобасы аясында,ос уакытын тиімді пайдалану мақсатында 15 минут үзілісте " Жұмбақ, жаңылтпаш айтып, жарысамыз" атты бастауыш сыныптар арасында оқу сағаты ұйымдастырылды.

 

Екпетал мектеп -балабақшасында Наурыз мерекесіне орай "Біртұтас тәрбие" және "Балалар кітапханасы"  бағдарламалары  аясында " Өнегелі 15 минут" айдарымен  ұлттық ойындарды, көркемсөз оқуды және күй орындауды насихаттау мақсатында " Жаңғырған дәстүр - салтымыз!" атты шара өтті.

© 2026 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Екпетал мектеп-балабақшасы» КММ КГУ «Екпеталская школа- сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области